16.07.2021, 11:28
Оқылды: 10

Ауыл әкімдерін сайлауға жастар да үн қосуы тиіс

-Қазақстанның болашағы – жастардың қолында. Елімізде жастарға қолайлы жағдай жасалып, жастар саясатын дамытуға көңіл бөлуде. Осы тұста Мемлекет басшысының ауыл әкімдерін сайлау жөніндегі саяси шешімі жастар мәселесіне оң ықпалын тигізері сөзсіз.

WhatsApp Image 2021-07-16 at 11.24.28

Себебі ауылдық жердегі жастардың сапалы білім алып, қолайлы ортада өмір сүріп, қажетті курстар мен үйірмелерге қатысуы жергілікті билік өкілдеріне тікелей қатысы бар. Ал жергілікті ауылдық округ әкімін сайлау ауыл азаматтары мен жастар үшін маңызды болмақ. Сайлауға қатысу арқылы біз өз таңдауымызды жасап, ауылымыздың болашағын, өзгерістердің орын алуына ықпал етеміз. Сондықтан барша сайлау мүмкіндігіне ие жастар мен азаматтарды сайлауға қатысуға шақырамын. Ауылымыздың болашағы – сіз бен біздің таңдауымызға тікелей байланысты!

Сандира Елеусін,

Казталов аудандық жастармен жұмыс жөніндегі ресурстық орталығының маманы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале