1.03.2022, 23:26
Оқылды: 216

Ауыл әкімі алғысын білдірді 

Көктемнің алғашқы күніндегі айтулы мереке Алғыс айту күніне орай Сырым ауданы Жымпиты ауылдық округінің әкімі Мейрам Қайырғалиев Жымпиты, Өлеңті, Саралжын ауылдарының еңбекте елеулі орны бар бірқатар қарияларға арнайы барып, алғысын білдірді.

IMG-20220301-WA0087

Саналы ғұмырын табан аудармай бір салада қалтқысыз ұзақ жылдар еңбек еткен ардагерлерге ауылдық округ әкімімен бірге Сырым аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің басшысы Кенжегүл Исатаева да барып, қарттарға берілетін арнайы көмектердің жай-күйімен танысып қайтты.

IMG-20220301-WA0092

- Ғұмырымызды бір салаға арнаған біздерге елдің атынан алғыс айтып келетін басшылыққа алғысымыз шексіз. Кейінгі ұрпақ та еңбекшіл, Отансүйгіш болып өссе деген тілегіміз бар.

IMG-20220301-WA0091

Жыл сайын мерекеде ғана емес, көмекке зәру болған сәтімізде де ауданның жастары әрдайым көмек қолын созып, құрақ ұшып тұрады. Әлеуметтік сала қызметкерлеріне де алғысым шексіз,- дейді Ә.Әшібекова.

Айжан Бауыржанқызы,

Сырым ауданы

zhaikpress.kz 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале