Казталов ауданы Жалпақтал ауылдық округінің әкімі Ғаділбек Әлібеков 17-18 ақпан күндері Астана қаласында самбо күресінен өткен жасөспірімдер арасындағы республикалық «Sambo Liga» турнирінен жеңімпаз атанып, І орын алған Әділхан Қайыргелді мен осы жарыста ІІ орын алып күміс жүлдеге ие болған Дінмұхамбет Серікті қабылдады.
Қос самбошының алдағы жарқын өміріне сәттілік тіледі.
Жалпақтал спорт мектебінің жас палуаны Әділхан бұл жарыста 38 келі салмақ дәрежесінде өнер көрсетіп чемпион атанса, Дінмұхамбет 42 келі салмақ дәрежесінде күміс жүлдеге ие болды.
Аудан мен ауылдың намысын республикалық жарыста абыроймен қорғай білген екі палуанға да ауыл тұрғындары атынан алғыс айтып, алда өтер үлкен додаларда тек жеңіс тілейміз.
Қыдыр Харесұлы,
Казталов ауданы
zhaikpress.kz