14.05.2025, 9:45
Оқылды: 225

Ауыл анасынан бата алды

Бөкей ордасы ауданы әкімі Нұрлыбек Даумов, аудандық мәслихат төрағасы Лариса Қайырғалиева, «AMANAT» партиясы аудандық филиалы төрағасы Жалғас Ташуов Саралжынға барған жұмыс сапары аясында ауылдың ең үлкен қариясы, тыл ардагері, көпбалалы ана Жұмақия Күселбаеваның шаңырағына арнайы барып, кейуананы торқалы тоқсан жасымен құттықтап, сыйлықтарын табыс етті.

IMG20250513125200

Жұмақия анамыз отағасы Құбайтпен отыз бес жылдай мал бағып, адал еңбектерімен еңсе тіктеген екен. Етегінен өрбіген ұл-қыздарынан немере-шөбере, жиен-жиеншар көріп отырған жайы бар.
- Жұмақия әжеміз қаншама қайғы көрсе де боркеміктікке салынбай, барға қанағат етіп, тәубесінен жаңылмай, әдемі қартайған адам. Тоқсанға келсе де бір көрген адамын ұмытпай, бала-шағамызға дейін түгендеп отырады, - дейді округ әкімінің міндетін атқарушы Мирхат Бадиров.

IMG20250513125132
Мерейтой иесі де өз кезегіне арнайылап кеп, тілектерін арнап, құрмет көрсеткен қонақтарға батасын беріп, ризашылығын білдірді.

Анар Артықбай
Бөкей ордасы ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале