14.06.2022, 10:44
Оқылды: 58

Ауыл азаматымен ажарлы

Мынау тірлікте әр адамның өзіне ғана тән дара жолы болады. Жақсылықтың жаршысы болып жүрген абзал азаматтардың бірі – Бағнұр Қабдығалиев. Қараөзен ауылы мен аудандық деңгейде өтіп жататын волейбол, күрес, көкпар, тай жарысы сынды спорттық іс-шаралардың басы-қасында жүретін де осы – біздің Бәкең. «Жігітке жеті өнер де аз» демекші, өзі де күрес және кикбоксингпен шұғылданып, атбегілік пен аңшылықты да қатар алып келеді.

IMG-20220614-WA0004

Бағнұр Халиоллаұлы – тұңғыштар мекені саналатын Орда өңірінің тумасы. 1982 жылы Т.Масин атындағы кеңшар тұрғындары – Халиолла аға мен Марфуға ананың шаңырағында төртінші перзент болып дүние есігін ашты. Сапарғали, Сұңғат, Мұрадым есімді ағалары мен Гүлнұр есімді жалғыз қарындасы бар. Ол – Ж.Досмұхамедов атындағы Орал педагогикалық колледжінің түлегі, мамандығы бойынша дене тәрбиесі пәнінің мұғалімі. Мектепте қызмет атқармаса да, ауыл жастарын спортқа баулуда аянып қалған жоқ. Жағымпаздық пен жалтақтыққа, боссөзділік пен қызғаншақтыққа жаны қас. Әр кез айналасына жақсы адамдар мен адал достар жинауға құмар оны өзгелер де ерекше құрмет тұтады.

Жанұясы да көпке үлгі. Үлкен-кіші жерлестерін туғанындай сыйлап, қолдау-көмегін көрсетіп жатады, дастарқаны да берекелі һәм мерекелі. Әрі сүйікті жары Бибіжан Серікқызы екеуі Талғат, Бағдат, Бекзат және Мұстафа есімді төрт ұлына ұлағатты тәрбие беріп отыр. Жасы келген анасы Марфуға әжеміздің алдындағы перзенттік борышын адал атқаруда. Үлкен кісі де сол ұрпақтарымен бай-қуатты. Біз бүгін өзіндік тәлім-тәрбиесімен, азаматтық болмысымен ел-жұртына үлгі болып жүрген Бағнұр ағамыздың шуақты тірлігі туралы қалам тартуды жөн көрдік. Жақсының  жақсылығын айту да бір  парыз ғой.

Миржан Қарабалин,  

Казталов ауданы

Қараөзен ауылы,

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале