27.07.2021, 10:25
Оқылды: 21

«Ауыл болашағы үшін бар күшімді, білімімді саламын»

Кеше ғана еліміз бойынша тұңғыш рет ауыл әкімдерін халық өзі сайлады. Бірлік ауылдық округінің сайлауында тұрғындар дауыс беруге белсенді қатысып, өз таңдауларын жасады. Нәтижесінде халық Ерболат Қуанышұлы Жақашевке зор сенім білдіріп, сайлады. Сайланған жаңа әкімге хабарласып, өткен сайлау туралы пікірін біліп, алдағы жоспарларын сұрадық.

WhatsApp Image 2021-07-27 at 10.24.04

 

- Бұл сайлау толықтай көңілімнен шықты. Сайлаудың ерекшелігі – халықтың өз таңдауын ескеріп, сайлауға деген сенімін оята білді. Себебі ауыл халқы ерікті түрде өз таңдауын, қалауын жасады. Әрине, сайлау болғасын үміткерлердің жақтастары екі жаққа бөлінеді. Ерекшелігі – қызықты әрі еркін таңдау болды деп ойлаймын. Кешегі сайлау басқа сайлауға қарағанда өзгеше өтті. Бұл сайлау әділ өтті деп есептеймін. Ауылдың болашағы үшін алаңдайтын азаматтар өз таңдауларын жасады. Әсіресе, бұл сайлауда жастардың белсенділігі байқалды. Әрине, алдағы уақытта ауылды көркейту үшін жұмыс-жоспарларым көп. Ауыл әкімі болу – үлкен міндет, зор жауапкершілік. Қанша дегенмен, мойныңа ауыр жүк артылады. Халықпен бірге солардың жоғын жоқтап, қуанышын бөлісіп, жұмыс істеу үлкен міндет. Ауыл болашағы үшін бар күшімді, білімімді салып, қолымнан келген жұмысты атқарамын. Және халыққа адал қызмет етемін деген ойдамын, - дейді Бірлік ауылының жаңа әкімі Ерболат Жақашев.

Жаннұр Берікқызы,

Жаңақала ауданы

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале