27.10.2022, 9:45
Оқылды: 20

Ауыл қарияларымен кездесті

Кеше Жәнібек ауданы әкімі Азамат Сафималиев қариялар күні мен қайырымдылық айы аясында Жақсыбай, Талов ауылдық округтері мен Тегісшіл елді мекенінің қарияларымен кездесті.

IMG-20221027-WA0004

Кездесуде аудан басшысы ақсақалды қариялар мен ақ жаулықты аналардың хал-жағдайын сұрасып, ауданның тыныс-тіршілігімен таныстырды.

IMG-20221027-WA0003

Сонымен қатар, алдағы уақытта өтетін науқан жөнінде сөз қозғалып, жалпы ауылдың жағдайы айтылды. Өз кезегінде ауылдың қарттары А.Сафималиевтің арнайы келіп, жағдайларын біліп жатқанына ризашылықтарын білдірді.

IMG-20221027-WA0002

Гүлзара Мәди,

Жәнібек ауданы

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале