10.08.2025, 18:00
Оқылды: 232

“АУЫЛ LIFE” жобасы: Тарихқа тағзым, ұрпаққа ұлағат

Казталов ауданында жүзеге асырылып жатқан “Ауыл LIFE” жобасы шеңберінде жоба қатысушылары аудандық тарихи-өлкетану музейін аралады. Экскурсия барысында жастарға туған өлкенің тарихы, мәдени мұрасы, археологиялық жәдігерлер мен этнографиялық экспонаттар таныстырылды.

image-09-08-25-06-18-2

Музей қызметкерлері әр кезең бойынша қызықты мәліметтер ұсынып, жастардың тарихи танымын кеңейтті. Қатысушылар өз тарапынан да сұрақтар қойып, білім көкжиегін толықтырды.

image-09-08-25-06-18-3

Мұндай іс-шаралар өскелең ұрпақтың ел тарихына деген қызығушылығын арттырып, отансүйгіштікке тәрбиелейді.

Мейірім Парасат,
Казталов ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале