Жыл сайын елімізде күз мезгілінің соңғы айының үшінші жексенбісінде ауыл шаруашылық қызметкерлерінің күні аталып өтіледі. Бұл күннің сары күздің соңғы күнге қойылуы да тектен-тек емес. Өйткені, жыл бойына еңбекпен табылған жемістің қорытындысы көрсетіліп, еңбек адамдарының да жұмыстары бағаланады. Олардың мерейлері тасып, еңбекке деген ынтасы артып, құлшыныс көбейеді, әрі өзгелерге үлгі болады. Міне, осындай жиынды салтанатпен ашып, ауыл шаруашылығының өркендеуін тілге тиек етіп, экономикалық өсімді тізбектеп өткен Шыңғырлау ауданының әкімі Әлия Биғазықызы көпшілік алдында баяндама жасады.
Сондай-ақ, ауыл шаруашылығы қызметкерлерін мерекемен құттықтап, әр түрлі дәрежедегі медальдар мен алғысхаттар табыс етті.
Айта кету жөн, ауыл шаруашылық қызметкерлерінің ел экономикасына қосатын үлестері өте орасан. Сол себепті, аталмыш мерекеге орай ауданымыздың ең бір елеулі малшы, шопан, жылқышыларына дейін марапатталып, үздік аталымға ие болды.
Салтанатты жиын соңы әсем ән мен күмбірлген күй, мың бұралған бимен өрнектелді.
Айсұлу Мұса,
Шыңғырлау ауданы
zhaikpress.kz