23.11.2022, 18:17
Оқылды: 136

Ауыл шаруашылық қызметкерлерінің күні​ мерекеленді

Жыл сайын елімізде күз мезгілінің соңғы айының үшінші жексенбісінде ауыл шаруашылық қызметкерлерінің күні аталып өтіледі. Бұл күннің сары күздің соңғы күнге қойылуы да тектен-тек емес. Өйткені, жыл бойына еңбекпен табылған жемістің қорытындысы көрсетіліп, еңбек адамдарының да жұмыстары бағаланады. Олардың мерейлері тасып, еңбекке деген ынтасы артып, құлшыныс көбейеді, әрі өзгелерге​ үлгі болады. Міне, осындай жиынды салтанатпен ашып, ауыл шаруашылығының өркендеуін тілге тиек етіп, экономикалық өсімді тізбектеп өткен Шыңғырлау ауданының әкімі Әлия Биғазықызы көпшілік алдында баяндама жасады.

IMG-20221123-WA0028

Сондай-ақ, ауыл шаруашылығы қызметкерлерін мерекемен құттықтап, әр түрлі дәрежедегі медальдар мен алғысхаттар табыс етті.

IMG-20221123-WA0035

Айта кету жөн, ауыл шаруашылық қызметкерлерінің ел экономикасына қосатын үлестері өте орасан. Сол себепті, аталмыш мерекеге орай ауданымыздың​ ең бір елеулі малшы, шопан, жылқышыларына дейін марапатталып, үздік​ аталымға ие болды.

Салтанатты жиын соңы әсем ән мен күмбірлген күй, мың бұралған бимен өрнектелді.

Айсұлу Мұса,

Шыңғырлау ауданы

zhaikpress.kz 

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале