7.09.2022, 14:45
Оқылды: 67

Ауыл спортшыларына алаң тарту етілді

Спортпен шыныққан жас ұрпақ – қоғамның басты байлығы. Бүгінде жастарға спортпен шұғылдануға жағдай туғызу үшін ізгілікті шаралар қолға алынуда. Солардың бірі – əрбір ауылдық округтердегі шағын футбол алаңдары. Беті жасанды, жасыл алаңмен көмкерілген Казталов ауданы Қараөзен ауылына қарасты Жас елді мекеніндегі жаңадан салынған шағын футбол алаңы көздің жауын алғандай.

3

1

Аталмыш нысанның ашылуына аудан әкімінің орынбасары Зәйлім Мәжитова, Қараөзен ауылдық округінің әкімі Бауыржан Қабдолұлы және ауыл үлкендері мен тұрғындар қатысып, құттықтау сөз сөйледі. Құны 7 млн. 700 000 теңге қаражатты құрайтын құрылысты қолға алған Тараз қаласының мердігері жұмысын сәтті аяқтап, іске қосты.

2

Шара соңында футбол алаңын бүлдірмей, тоздырмай, ұқыпты ұстауға сөз берген ауыл спортшылары екі командаға бөлініп, жолдастық кездесу ойынын жоғары деңгейде өткізді.

Әсем Халиуллина,

Казталов ауданы

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале