15.04.2021, 16:06
Оқылды: 72

Ауыл тазалығы бәрімізге ортақ

Жаңақала ауданы әкімдігінің кіші мәжіліс залында сенбілікке қатысты жиын өтті. Жиын барысында аудан әкімінің орынбасары Асқар Мұхамбетжанов сенбілікті белсенді өткізуге шақырды.

6ED52617-A42B-4057-900E-AC95C3A39D8D

10 сәуір күні барлық мекеме қызметкерлері аудан шетінде орналасқан палигон аймағының маңын тазалады. Сенбілікке келгендерге арнайы қапшықтар таратылып, жиналған қоқыстар техникаларға тиелді. Ауданымыздың тазалығын сақтап, сенбілікке атсалысайық! Сенбілік алдағы уақытта тұрақты түрде жалғасын таппақ.

F459F585-EFC1-472B-9FAE-6FF79F1C36E3

Жарас Садық,

Жаңақала ауданы

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале