Бүгін аудан әкімі Алпамыс Жаңабайұлы мен Бірлік ауылдық округі әкімінің міндетін атқарушы Амангелді Талғатұлы Бірлік ауылдық округінің тұрғындарымен есептік кездесу өткізді.
Кездесуге аудан әкімімен бірге аудандық мәслихат депутаты Асхат Тұрарбекұлы, аудандық мәслихат төрағасы Қамбар Сүлейменұлы, аудандық мансап орталығының басшысы Аслан Ханатұлы, аудандық білім беру бөлімінің басшысы Руслан Қонысбайұлы қатынасты. Жиын барысында Амангелді Талғатұлы Бірлік ауылында атқарылған істер мен алда тұрған міндеттерді айтып өтті.
Кездесуден соң аудан әкімі ауыл тұрғындарымен жеке қабылдау өткізді.
Жанна Миха,
Жаңақала ауданы
zhaikpress.kz