27.03.2023, 15:30
Оқылды: 149

Ауыл тұрғындарының жиыны өтті

Бүгін Жәнібек аудандық мәдениет үйінде Жәнібек ауылы тұрғындарының жиыны өтіп, оған аудан әкімінің міндетін уақытша атқарушы Жақсылық Абдолов қатысты.

74403c2b-b93b-4520-9494-69a0096a68c0

Жиында ауыл тұрғындарының жеке мал бағымын ұйымдастыру және табындарды асыл тұқымды бұқалармен қамту, сәуір-мамыр айларын санитарлық-экологиялық айлық деп жариялап сенбіліктер ұйымдастыру, тал-теректер егу сынды мәселелер қаралды.

0e1db6f2-1267-4f47-b2b8-aaad95d8ae5d

Аталған мәселелерге қатысты Жәнібек ауылдық округінің әкімі Абзал Қаратаев хабарлама жасады. Жиында бақташылар мен ауыл тұрғындары күн тәртібіндегі мәселелерге қатысты өздерінің ұсыныс-пікірлерін ортаға салды.

Аудан әкімінің міндетін уақытша атқарушы Жақсылық Каримоллаұлы сөз сөйлеп, тұрғындардың сауалдарына жауап берді.

60907361-b1fa-4c3d-9374-4942193e2e9b

Сейіт Қали,

Жәнібек ауданы

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале