26.01.2017, 16:27
Оқылды: 30

Ауылдағы ағайынның айтары көп

Borli Akim esep 01    Бөрлі ауданының әкімі Алдияр Халеловтің есептік кездесулері әр округте жалғасуда. 

   Қарағанды ауылдық округінде өткен жиында тұрғындар белсенділік танытты. Ауылдық ағайын шағын несиелеу, жолды қардан тазалау мәселесі, Ақсай-Қарағанды бағытындағы маршрут кестесінің қиындығы, ауыл ішінде жүретін жылқылар мен бұралқы иттердің көбейіп кеткендіктерін айтып шағым түсірді.


  Сонымен қатар  қарағандылықтар өз әкімдеріне қанағаттанарлық деген баға беріп, өңіріміздің жаңалықтарын үнемі жеткізіп отыратын аудандағы БАҚ өкілдеріне, ауылдық учаскелік полиция инспекторына, амбулатория қызметкерлеріне алғыстарын да жеткізді.

  Ал аудан орталығынан шалғай жатқан Қарақұдық  ауылдық округінде 317 адам тұрады. Мұндағы жиын барысында өзі кәсібін ашқан, ауылдықтарды несие алып, өз бизнесін бастауға шақырған жас кәсіпкер Тұрарбек Сатаев пен ауыл шаруашылық өндірістік кооперативін ашып, мал санын көбейтуді көздеген Абзал Буентаевтар сөз алды. Жастардың белсенділігіне риза болған аудан басшысы ауылдықтарға қай бағытта дамитындықтарын анықтап алу керек екендігін айтты. Биылғы жылы ауыл маңындағы бөгеттер жөнделіп, ауыл техникалық сумен қамтылатынын айтқан өңір басшысы тұрғындардың қойған өзге де сұрақтарына жауап берді. Қарақұдықтықтар ауылда ауыз судың ақшасын жинап, аудан орталығына тапсыратын адамның табылмай отырғандығын айтып шағымданды.  Аталған мәселе бойынша тиісті мекеме басшысы жауап беріп, Алдияр Сансызбайұлы ауыл әкімінен осы жұманың  аяғына дейін бұл мәселені шешіп, тиісті қызметкерді табуды тапсырды.

Айым НҰРҒАЛИЕВА

www.zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале