11.01.2024, 9:06
Оқылды: 35

Ауылдастарымызға алғыс айтамыз

Күйшілік өнерін өскелең ұрпаққа, өнерсүйер жұртшылыққа кеңінен насихаттау, жас таланттар мен шебер орындаушыларды табу мақсатында Батыс Қазақстан облысы «Атадан - мұра» қоғамдық қоры бүлдіршіндер, мектеп оқушылары мен жасөспірімдер арасында «Ұлы дала ұрпағы» атты республикалық байқау өткізді.

image-10-01-24-04-43

Байқауға Госплемстанция мектебінен «Теректім» домбырашылар ансамблі қатысқан болатын. Нәтижесінде «Аспапта ойнау» номинациясы бойынша І дәрежелі дипломмен марапатталып, Алматы қаласында өтетін байқауға 50%-дық жолдама ұтып алды.

image-10-01-24-04-43-1

Сондай-ақ өткен жылдың соңында «ART BAITEREK» атты халықаралық байқауда өнерлерін көрсетіп, «Аспапта ойнау» номинациясы бойынша І дәрежелі дипломмен марапатталып,  Түркия еліне жолдама иеленген болатын.

«Ұстазы мықтының ұстанымы мықты», - деп бекер айтпаған. Өнер ансамблінің жетекшісі Бекжан Мыржаев жас болса да өз ісінің шебері. Сонымен қатар, ауылымыздағы жеке кәсіпкер «Ибрагим»  ЖШС басшысы  Юрий Махметов бүлдіршіндерге қаржылай демеушілік көрсетті. Жеңіске жеткен домбырашыларымыз  «Осман» ЖШС басшысы Берік Жақыбаевтың демеушілігімен аман-есен үйлеріне жеткізді.

Барша қолдау көрсеткен жерлестерімізге ата – аналар атынан алғыс білдіреміз!

Динара Әлмұханбетова, 

Госплемстанция ЖОББМ-нің домбыра сыныбының ата-аналары атынан

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале