30.11.2021, 12:30
Оқылды: 74

Ауылдастарын газетке жаздырды

Алдағы жартыжылдыққа газетке жазылу науқаны аяқтала келді. Ақпараттан алыстамай, жаңалық жаршысы болар басылымға жазылу үшін бәйтеректік бұқара барын салуда.

20211130_083743

Осы орайда ел жақсылары ардагерлер мен зейнет жасындағы азаматтарға қайырымдылық ретінде газет жаздыруды да ұмыт қалдырмауда. Басылымның сенімді сырлас, рухани серік екенін ерте ұғынған Егіндібұлақ ауылының кәсіпкерлері ауыл ақсақалдары мен кейуаналарына өз есебінен газет жаздыруда.

Атап айтар болсақ, игі бастаманы қолға алған Жанболат Рамазанов тыл ардагерлерін, Боранбай Рахметов ауыл зейнеткерлерін басылымға жаздырды.

Ел азаматтарының арқасында, енді егіндібұлақтық аға буын аудандағы ақпараттан құлағдар болып отырады.

-Ауыл кәсіпкерлері өткен жартыжылдықта бастаған игі іс жалғасын табуда. Келер жылы да қайырымдылық жасап, аудан үнпарағын бұдан да көп жанға жаздыру жағын қарастырмақпыз, – дейді округ әкімі Ринат Есекендіров.

Назерке Сыйлыбаева,

Бәйтерек ауданы

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале