25.07.2021, 19:42
Оқылды: 88

"Ауылымыздың ертеңі үшін дауыс беру – азаматтық парызымыз"

Бөрлі ауданы Бөрлі ауылындағы №94 сайлау учаскесінде де тұрғындар белсенділікпен өз таңдауларын жасауда. Бөрліліктер 4 кандидат арасынан өз әкімін таңдауы тиіс. Бөрлі ауылы аудандағы ең ірі округ болып саналады. Ауылда биылғы жылы мемлекеттік бағдарлама аясында қос көше тақтайдай тегістеледі. Жалпы, ауылдың болашағы зор. Сондықтан ауылға жақсы әкім керек дейді аудандық мәслихат хатшысы Қайрат Ермекбаев.

40DA8BF4-1523-46FF-9C42-EA6A6C01A519

- Бұл - бүкіл республика көлеміндегі аса маңызды оқиға. Бөрлі өңірінің  барлық тұрғындарын ауыл әкімі сайлауына белсенді түрде қатысуға шақырамын.

Ауылымыздың ертеңі, қарыштап дамуы, ізгі бастамалардың жүзеге асуы, балаларымыздың болашағы үшін дауыс беру – әрқайсымыздың азаматтық парызымыз! Мен бұл парызымды бүгін орындадым, - деді ол.

Айым Досжанова,

Бөрлі ауданы

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале