26.08.2021, 12:19
Оқылды: 33

Азаматтар қолұшын созды

Маңғыстау облысындағы ағайынға жұрт болып жабыла атсалысып жатқан шарапатты істен Ақжайық ауданының тұрғындары да тыс қалған жоқ.

шөп

Алыстағы ағайынға осыған дейін ауданның Тайпақ ауылдық округінен «Еркін» (жетекшісі Б.Уакиева), «Камал» (жетекшісі Е.Жарылғасов), Мерген ауылдық округінен «Омар» (жетекшісі К.Есенғазиев), Алғабас ауылдық округінен «СПК Бесоба» (жетекшісі М.Нораханов) және Қурайлысай ауылдық округінен «Жастілек» (жетекшісі Ж.Абілхайров) шаруа қожалықтары қолдан келген көмегін аямай, мал азығын жіберген болатын.

Өткен аптада Көнеккеткен ауылдық округінің «Дәулет» (жетекшісі Әліби Жұбанов), «Бірлестік» (жетекшісі Нұрболат Қадырғалиев), "Аңсар" (жетекшісі Арман Абдулов), "Талапкер" (жетекшісі Еркебұлан Өткелбаев) шаруа қожалықтары бірлесіп, Маңғыстау облысы, Шетпе ауылына 102 рулон шөп жөнелтіп, игі істің ортасынан көрінді. Көнеккеткендіктер осындай көмекті алдағы уақытта да жалғастырмақ.

Қазіргі уақытта аудан бойынша маңғыстаулық ағайынға барлығы 332 рулон шөп жіберілді.

 

Аида Асылбек,

Ақжайық ауданы

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале