Облыс әкімінің бірінші орынбасары Ғали Есқалиев, облыстық мәслихат хатшысы Мәлік Құлшар жұмыс барысымен Бөкей ордасы ауданы Мұратсай ауылдық округіне қарасты Әжен ауылындағы таза су құбыры желісін іске қосу рәсіміне қатысты.
Су құбырын жүргізу үшін «Өңірлерді дамыту» бағдарламасының «Ақ бұлақ» бағыты аясында 70,1 млн. теңге бөлінген. Ұзындығы 1,3 км болатын құбыр құрылысы өткен жылдың маусым айында басталған. Әжен ауылының 120 тұрғыны таза ауыз сумен қамтамасыз етілді.
Айта кету керек, биыл ауданда тағы 3 ауылды орталықтандырылған таза ауыз сумен қамту жұмысы жүргізіледі.
БҚО әкімінің баспасөз қызметі
Батыс Қазақстанның маңызды жаңалықтарын біздің Instagram және Telegram парақшамыздан алғашқы болып біліңіздер