30.08.2021, 11:07
Оқылды: 160

Азия чемпионатында топ жарды

Тамыз айының 18-24 күндері аралығында Алматы облысында қол күресінен ХІХ Азия чемпионаты өткен болатын. Байрақты бәсекеде еліміздің атынан өнер көрсеткен қаратөбелік жас спортшылар топ жарды. Ел мерейін асқақтатқан қос спортшыны аудан кіреберісінен жерлестері қарсылап, жетістіктерімен құттықтады.

8CFDFD57-5EA6-40F6-94FA-C43F9ADFFABC

 Аталған Азия чемпионатына 12 елден білекті де жүректі спортшылар түрлі салмақ дәрежесі бойынша қатысты. Қазақстан Республикасының құрама қомандасы сапында өнер көрсеткен Қаратөбе ауданының спортшылары үздіктер қатарынан көрінді.

Атап айтсақ, 55 келі салмақта жастар арасында Ержан Ерболат І орын алып чемпион атанса, ерлер арасында Жандарбек Ниязов жүлделі ІІ орынға ие болып, күмістен алқа тақты.

Қол күресінен Азия чемпионатында үлкен жетістікке жеткен жастарымыздың бапкері – Қаратөбе балалар-жасөспірімдер спорт мектебінің жаттықтырушысы Нұрхат Нысанов.

 Серікбай Хасанов,

Қаратөбе ауданы

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале