Астана қаласында өтіп жатырған “ASIA & OCEANIA CHAMPIONSHIPS” самбодан Азия чемпионатында жерлестеріміз, ардагер самбошылар арасында алтыннан алқа тағынып, жеңіс тұғырынан көрінді.
Атап айтсақ, 40-44 жас арасындағы самбошылар арасында Қанат Жанғалиев, 55-59 жастағы ардагерлер арасында Қаймен Есендияров, 60-64 жас аралығында Қазболат Құрмашевтар І орын иеленіп, жеңімпаз атанды.
Ардагерлер әлі де болса бабында екенін осы нәтижеден-ақ көруге болады. Алтыннан алқа тағынған ағалардың жолын жас буын жалғасын демекпіз.
А.Бауыржанқызы,
Сырым ауданы
zhaikpress.kz