8.06.2023, 22:33
Оқылды: 34

Азиядан сырымға алтын “жауды” немесе жерлестер чемпионатта топ жарды

Астана қаласында өтіп жатырған “ASIA & OCEANIA CHAMPIONSHIPS” самбодан Азия чемпионатында жерлестеріміз, ардагер самбошылар арасында алтыннан алқа тағынып, жеңіс тұғырынан көрінді.
8ca8d1b5-3ede-4646-a37c-81010dffbfcc
Атап айтсақ, 40-44 жас арасындағы самбошылар арасында Қанат Жанғалиев, 55-59 жастағы ардагерлер арасында Қаймен Есендияров, 60-64 жас аралығында Қазболат Құрмашевтар І орын иеленіп, жеңімпаз атанды.
2fb9f9c6-9919-41b1-bad2-ae2b374dc567
Ардагерлер әлі де болса бабында екенін осы нәтижеден-ақ көруге болады. Алтыннан алқа тағынған ағалардың жолын жас буын жалғасын демекпіз.
994b241c-d278-450d-878c-763942306865
А.Бауыржанқызы,

Сырым ауданы 

zhaikpress.kz  

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале