8.04.2020, 20:12
Оқылды: 78

Азық-түлік бағасын бағамдап қайтты

Төтенше жағдайға байланысты әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағасына шектеу қойылды.

3A622CB0-8CEC-4F15-8C50-70F495A0E8D5

«Nur Otan» партиясы Бөкей ордасы аудандық филиалы төрағасының  бірінші орынбасары Мейрамбек Аққалиев, «Атамекен» кәсіпкерлік палатасынын аудандық филиалы төрайымы Бибігүл Жұмағұлова және кәсіпкерлік бөлімінің бас маманы Ерлан Нұркенов және БАҚ өкілі бар комиссия Бисен және Хан Ордасына барып, азық-түлік дүкендерін аралап, тауар бағаларын назарға алды.

Жеке кәсіпкерлерге әлеуметтік маңызы бар тауарларға баға шектеуі қойылғанын айтып, заң талабына бас имесе қандай жауапкершілікке тартылатынын түсіндірді.

DE8BEC9F-A27E-49D5-A40A-95E0C2CFE3A6

Қай тауарлар бағасына шектеу қойылатынын таратып айтсақ, І сұрыпты ұн (134 тг келісіне), І сұрыпты нан (160 тг келісіне), өлшемелі макарон өнімдері (195 тг келісіне), өлшемелі қарақұмық, (270 тг келісіне), өлшемелі күріш (297 тг келісіне), сиыр еті (1700 тг келісіне), І категориялық тауық жұмыртқасы (275 тг 10 данасы), күнбағыс майы (396 тг литрі), ас тұзы (39 тг келісіне).

Көрсетілген азық-түлік тауарын шекті бағадан асырып сатқандарға айыппұл салынады. Айыппұл сомасы да аз емес. Бибігүл Жұмағұлованың айтуынша, заңбұзушылық бірінші рет анықталса кәсіпкерге 265.100 теңге айыппұл салынады. Ал енді дәл сол кәсіпкер әрекетін одан әрі жалғастырса, 530.200 теңге төлеуге мәжбүр болады. Үшінші мәрте қайталанған жағдайда жеті жылға дейін бас бостандығынан айырылуы ғажап емес.

Әрине түсініктік жұмыстарымен қатар мониторинг те жүргізілді.

– Жалпы Сайқын, Хан Орда, Бисен ауылдарында өткен іс-шара қорытындысы бойынша азық-түлік саудасы талапқа сай жүргізілуде. Өз тауарларын қымбат ұсынып отырған кәсіпкерлеріміз де бар. Сол кісілермен түсінік жұмыстары жүргізілді. Енді қарсы шығып, келіспеушілік білдіргендер жоқ, - дейді Ерлан Нұркенов.

Еркебұлан Бисенғалиев

Бөкей ордасы ауданы

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале