6.02.2024, 17:00
Оқылды: 37

Бағаналар орнатылып, желілер жаңартылуда

Былтыр Достық, Чувашин және Красный Урал ауылдарын жарықтандыруға 12 миллион 760 мың теңге, стихиялық жиналған үйінділер мен тұрмыстық қалдықтарды шығару жұмысына 1 миллион 343 мың теңге жұмсалған.  Бұл туралы есептік кездесуде Бәйтерек ауданы Достық ауылдық округінің әкімі Әбубәкір Төлеуов баяндады.

IMG-20240206-WA0063
Оның сөзіне қарағанда, Достық ауылындағы бағаналар мен сип желілері 99 пайызға жаңартылған. Күні бүгінге дейін 272 жаңа электр бағаналары орнатылып, электр желісі сип сымдарына ауыстырылған. Сонымен қатар 1700 тонна стихиялық жиналған үйінді, қатты тұрмыстық қалдық шығарылған.

- Тұрғындардың сұранысы негізінде Достық ауылындағы Бостандық көшесінен мектепке дейін жаяу жүргіншілер жолы салынды. Ауылындағы балалар ойын алаңына жөндеу жүргізілді. Ж.Молдағалиев, 36 мекенжайында билайн желісінің байланыс станциясы орнатылды. Желтоқсан көшесіндегі билайн, теле-2 байланыс станциясының жұмысын жақсарту бағытында іс-шаралар атқарылды. Соған қарамастан кейбір ауыл тұрғындары күшейткіш құрылғыларын айырмауда. Қанша рет ескертсек те, өзінің интернет жылдамдығын жақсарту мақсатында өзгелерге зиянын тигізіп отырғандар бар, - деді Әбубәкір Қамбарұлы.

Бұралқы иттердің мәселесі де назардан тыс қалмаған. Былтыр соңында Дариянда ветеринарлық кабинет жұмысын бастады. Ол жерде иттер залалсыздандырылып, оларға құтыруға қарсы екпе салынады. Былтыр ауылдық округ аумағынан 30-дан астам итке залалсыздандыру мен кастрациялау шаралары алынған.

IMG-20240206-WA0065
Красный Урал ауылында «Гурсаев» ШҚ-ғы қазіргі таңда ауқымды жобаларды іске қосуда.

Мәселен, шаруашылық құны 130 млн теңгені құрайтын жоба аясында суармалы әдіспен 300 га жерге көпжылдық дақылдарды өсіруде. Одан бөлек, бидай өнімдерін сақтайтын қойманың құрылысын жүргізуде. Жобалық құны 100 миллион тенгені құрайтын балық өсіретін тоғанды іске қосты.

IMG-20240206-WA0067
Есептік кездесуде Достық ауылының тұрғыны, алты бала тәрбиелеп отырған әке Есбол Апбалиев ауылға мәдениет үйі салынса бүлдіршіндер өнерге, спортқа жақын боп өсер еді деген ұсынысын айтты. Аудан әкімі Марат Тоқжанов Достыққа ішінде спорт залы мен клубы бар ғимарат салу жоспарда тұрғанын айтты.

Нұрсәуле Әбілпейсова,

Бәйтерек ауданы

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале