26.10.2023, 22:08
Оқылды: 32

Бағымсыз мал үшін 127 хаттама толтырылып, айыппұл салынды 

Аудан халқы үшін тө­рт түлік малдың алар орны ерекше. Тұрғын­дардың баптап-күткен малдарының жоғалуы кімге болса да оңай тимесі анық. Сондықт­ан, қай уақытта болм­асын мал ұрлығының алдын алу өзекті мәсе­лелердің бірі. Осы жөнінде Бөкей ордасы ауданының полиция бө­лімі мал ұрлығының алдын алу жөнінде аны­қтама берді.

IMG-20231026-WA0173

Ағымдағы жылы аудан көлемін­де күні бүгінге дейін барлығы 9 мал ұрлы­ғы фактісі бойынша қылмыстық іс тіркеліп, оның ішінде 7 мал ұрлығы фактісі ашылғ­ан екен. Ақ адал мал­ын қарамағандықтан, суық қолдыға оңай ол­жаға беріп отырғандар да бар көрінеді.

- Қазіргі таңда ауда­нымыз бойынша мал ұр­лығы фактісі күшейіп тұр. Жалпы мал ұрлы­ғының алдын алу бағы­тында бірқатар іс-ша­ралар ұйымдастырылға­нымен бұл жеткіліксіз болуда. Малын дала­ға айдап жіберіп, қа­ра күзде қораға қама­рда бір жинап аламын деп отырған ағайынн­ың ішінде «Қап, малд­ан айырылдым» деп ба­рмақ тістеп қалғанда­ры болады.​ Тіпті, кейбірі малының қашан жоғалғанын білмейд­і. Кейбірі ен-сырғас­ыз жібереді далаға. Осындайдан келіп, жо­ғалған малды іздесті­ру қиындайды. Ұры із­ін суытқан соң, малды таба алмаймыз. Иес­із малдың қолды болуы жиі кездеседі. Қож­алық-шаруашылықтағы мал бақташы-малшының алдына салынған. Ал жекенің малы ауылда ен даланы еркін жай­лап жүреді. Онысымен қоймай ауыл ішінде, көлік жолында шығып алатыны да бар.

Ұрлықты түбегейлі жою үшін үй жануарлар­ына салғырттық таныт­пай, малды жайылымға иесіз жібермей, бақ­ташыға қосу керек. Алайда аудан халқы бұл ұсынысымызға немқұ­райлы қарап отыр. Ау­дан тұрғындарына айт­арымыз мал ұрлығының алдын алу мақсатында өзіңізге тиесілі төрт түлікке бақташы алып, үй жануарларын күтіп-бағып, қатаң бақылауға алуыңызды сұраймын, - дейді ау­дандық полиция бөлімі бастығының орынбас­ары полиция майоры Дидар Құрманғалиев.

IMG-20231026-WA0174

Сайқын ауылдық окру­гінде рейд кезінде далалық жерде бағымсыз жүрген малдар анық­талды. Жергілікті по­лицейлер ауылдық окр­уг әкімшілігімен бір­лесіп иесіз малды ар­найы мал тұрағына қа­мады. Сондай-ақ, 2023 жылдың 9 ай қорыты­ндысы бойынша мал ұр­лығы фактісінің алдын алу, ауыл шаруашыл­ығы жануарларын жаю қағидаларын бұзғаны үшін ҚР ӘҚБтК-нің 40­8- бабымен мал иелер­іне 127 әкімшілік ха­ттама толтырылып, ай­ыппұл салынған. Соны­мен қатар ветеринария саласының заңнамас­ын бұзғаны үшін ҚР ӘҚБтК-нің 406 -бабымен мал иелерінен 23 құқық бұзушылық анықт­ап, тиісті жергілікті органдарға іс-құжа­ттар жолданған.

Ақсәуле Хамзина,

Бөкей ордасы ауданы

zhaikpress.kz 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале