17.07.2024, 11:45
Оқылды: 157

Бәйтерек аудандық прокуратурасы 200-ден аса заң бұзушылықты анықтады

Жыл басталғалы жеті ай ішінде Бәйтерек аудандық прокуратурасымен заңдардың, Президент Жарлықтарының және өзге де нормативтік құқықтық актілердің дәлме-дәл және бірыңғай қолданылуына прокурорлық қадағалауды қамтамасыз етуге бағытталған бірқатар жұмыс атқарылды. Бұл туралы Бәйтерек ауданы прокуратурасының қоғамдық мүдделерді қорғау саласы бойынша аға прокуроры Айдар Әлімжанов айтты.

ad2318df-5824-4e98-bf18-6936e6ad1166 (1)

Бас прокурордың бұйрықтары мен нұсқауларының тиісті түрде орындалуын қамтамасыз ету бойынша шаралар қолдану арқылы прокуратура органдарының құқық қорғау функциясын жүзеге асыруға, сонымен қатар азаматтардың құқықтары және қоғам мен мемлекеттің мүддесін қорғау – басты назарда.

Осы орайда аудандық прокуратура құрылымымен 50 тексеру мен талдау жүргізіліп, заң бұзушылықтар 233-ке артқаны анықталды. 33 ұсыну актісімен 40 тұлға тәртіптік, 61 тұлға әкімшілік жауапкершілікке тартылды. 3 367 азаматтардың құқықтары қорғалды. Оның ішінде, 57 кәсіпкер бар. Барлығы 728 га (50 млн теңгенің) үш жері қайтарылды. Екі жер телімін төмендетілген бағамен сатып, мемлекетке 119 млн теңгеге залал келтірілгені анықталды. Бұл факті ҚК 361-бабының 4-тармағы бойынша тіркеліп, аудандық жер қатыныстар бөлімінің басшысы болған Қ. есімді азамат кінәлі деп танылып, 3 жылға бас бостандығынан айырылды.

C43B0A48-F3BC-45A2-8B45-6A76D7E66557

Бюджетті толықтыру бағыты бойынша 23 млн. теңгені өндіру туралы ұсыныс енгізіліп, оның 3 703 650 теңгесі өндірілді. Міндетті салық төлемдеріне талдау жүргізіліп, (аудандық МКБ-на) ұсыныс енгізіліп, нәтижесінде 59 млн теңге өндірілді.

Жұмысты дұрыс ұйымдастырмаған қызметкер тәртіптік жазаға тартылды. Мемлекеттік сатып алу саласындағы талдаумен 80 млн теңге болатын 5 заңсыз конкурс бұзылды.

Ел қазынасының мінсіздігі мен айқындығына бағытталған жүйелі жұмыстар аудан прокуратурасымен алдағы уақытта да жалғасын таппақ.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале