Бәйтерек ауданына қарасты Егіндібұлақ ауылында жыл сайын ақпанның ортасында елім деп өткен боздақтарды еске алып, ауған ардагерлеріне құрмет көрсетеді. Бұл игі іс биыл да жалғасын тапты.
Біздің ауылдық округта, нақтылап айтқанда Алмалы ауылында Асылбек Сакпиреев пен Асқар Аймағамбетов деген екі интернационалист-жауынгер тұрады. Атаулы күнге орай олар тұратын үйлердің сыртына тақтайша орнатылды.
Алмалы ауылында "Ауған қасіреті менің жүрегімде" атты кездесу ұйымдастырылды. Осы іс-шараға аудандық мәдениет тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімінің басшысы Нұржан Дүзбатыр мен ауған соғысы жауынгерлері мен мүгедектері ұйымының Бәйтерек ауданы бойынша төрағасы Андрей Каверин арнайы келді. Кездесу кешінде олар Асылбек Сакпиреевті зейнеткерлік жасқа толуымен құттықтап, оған аудан әкімінің құттықтау хатын табыс етті. Егіндібұлақ ауылдық округінің әкімі Р.Ескендіров ардагерге ауылдастар атынан естелік сыйлық ұсынды.
Одан соң Егінідібұлақ ауылдық кітапханасында өткен "Ауған ардагерлеріне тағзым" деп аталған іс-шарада қос жерлесіміздің ерлігі туралы баяндалды. Кітапхананың жас оқырмандары Ясмин Өтебаева мен Айлана Өтеғалиева ауған ардагерлерінге арнаған өлең жолдарын оқыды.
Данагүл Алхамова,
Бәйтерек ауданы
Егіндібұлақ ауылдық кітапханасының кітапханашысы