23.08.2023, 10:00
Оқылды: 71

Бәйтерек ауданы: он екі жылдан бері мектепке жұмысқа тұра алмай жүр

 

Әр мекеме бірінші кезекте жергілікті адамдарды жұмысқа алуы керек. Сөздің шыны керек, кейбір мекеме-кәсіпорын басшылары маманның кәсіби біліктілігіне емес, оның мінезіне, не басқа қасиеттеріне мән беруі себебінен көп адамға зиянын тигізіп отырғанын байқамайды.

IMG-20230823-WA0005

Достық ауылдық округі тұрғындарымен кездесу кезінде аудан әкімі Марат Тоқжанов осылай деді.

Аталмыш ауыл тұрғыны Жаңыл Тәжікенованың айтуынша, олар ширек ғасырға жуық уақыттан бері осында тұрады. Он екі жылдан бері қолындағы келіні жергілікті мектепке жұмысқа кіре алмай жүр. Мамандығы мұғалім болғанымен, қазір Оралда басқа салада еңбек етуде.

- Мектеп басшылығының бірінші кезекте ауыл тұрғындарын емес, қаладан, басқа ауылдардан келетіндерді мұғалім ретінде жұмысқа қабылдауы жанымызға батады. Мектеп директорының алдына сан мәрте барып, жұмысқа кіре алмаған соң оның тауы қайтты. Есептік кездесу болған соң арнайы келіп, осы мәселені айтып отырған жайым бар, - дейді тұрғын.

IMG-20230823-WA0003

Аудан басшысы бұл өте орынды екенін атап өтті. Тек кәсіби деңгейді де ескеру қажеттілін жеткізді. Мәселен, білімі мықты мұғалім болғанымен, әдістемені білмесе, оның балаға берері аз.

- Ал біреуінің мінезі шәлкес, сол үшін оны көпшілік ұнатпайды. Дегенмен ол өз ісінің маманы болса, жас ұрпақ, оның жарқын болашағы үшін бәріне шыдауға тура келеді. Міне, біз осындай қағиданы ұстануымыз керек, -  деді Марат Лұқпанұлы.

Жиында ауылдық округ әкімі Әбубәкір Төлеуов баяндағандай, осының алдындағы есептік кездесуде көтерілген мәселелер шешім таба бастады.

IMG-20230823-WA0000

Мәселен, ауылда жаңа мектеп құрылысы басталып жатыр. Бұралқы иттерге қатысты аудандық ветстанция мамандары келіп, оларды аулап жатыр. Жыл басынан бер 60 иттің көзі жойылған. Ал ауыл шетінде жаңадан салынған үйлердің газ қысымын көтеру, интернет, ұялы байланысты жақсарту, жаңа шағын аудандағы жерасты құдықтарына люк қақпақтарын қою бойынша құзырлы құрылымдарға хаттар жолданған. Енді жыл соңына дейін Достық ауылындағы балалар ойын алаңын қалпына келтіру, жөндеу жүргізу, жаңадан салынған электр бағандарына шамдар орнату жоспарда бар.

 

Сәкен Мұратұлы,

Бәйтерек ауданы

zhaikpress.kz

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале