Бәйтерек аудандық №2 ауруханасының дәрігерлері мен медициналық қызметкерлерінен құралған мобильдік бригада Бейбітшілік және Махамбет ауылдарына барып, жоспарлы қабылдау жүргізді.
Құрамында хирург, офиальмолог, терапевт, педиатор, гинеколог, стоматолог, невропотолог бар мобильдік бригада аталмыш ауылдарда 60-қа жуық тұрғынды қабылдап, тексерді.
Сөйтіп ауыл тұрғындары толық диспансерлік-профилактикалық тексеру шараларынан өтті. Нәтижесінде Бейбітшілік ауылындағы 2 адам жоспарлы отаға, оңалту шараларына жазылса, Махамбет ауылында негізінен нервологиялық бағыттағы науқастарға ем-дом шаралары жүргізілді. Сонымен қатар анализдер тапсыруға, МРТ және КТ-ға түсуге ұсыныстар беріліп, емдеу шаралар тағайындалды.
Жоспарлы қабылдау аяқталғаннан кейін дәрігерлер бригадасы үйде жатқан науқастарды да қарап кетті.
Бәйтерек аудандық №2 ауруханасы медқызметкерлердің осындай көшпелі іс-шаралары алдағы уақытта ауданның басқа да ауылдарында жалғасын табады.
Дина Ахметова,
Бәйтерек ауданы