4.12.2024, 23:11
Оқылды: 1

Бәйтерек ауданы: Өркенде жаңа медпункт ашылды

«Ауылда денсаулық сақтауды жаңғырту» ұлттық жобасы аясында Бәйтерек ауданына қарасты Өркен ауылында жаңа медициналық пункт пайдалануға берілді.

IMG_20241204_225257_366

- Ауыл халқының тұрмыс сапасын жақсарту мақсатындағы мемлекет тарапынан барынша жағдай жасалуда. Мұны осы Өркен ауылынан анық көруге болады. Былтыр ауылда жол салынды, су жаңа мектеп бойкөтерді, енді медпункттің кілтін табыстап жатырмыз. Осындай жағдай біртіндеп барлық ауылдарда орнайтын күн алыс емес,- дейді өз құттықтау сөзінде аудан әкімі орынбасары Ерлан Ғалиев.

IMG_20241204_225402_248
Содан соң медпукттің символдық кілтін мердігер компания өкілі Азамат Көшенов ауыл фельдшері Рая Кенжетаеваға табыстады.

IMG_20241204_225307_821
Өркен ауылының ақсақалы Қадыр Көбеевтің айтуынша, осыған дейін мұнда медициналық пункт болмаған. Сол себепті жергілікті тұрғындар негізінен аудан орталығындағы, қаладағы емдеу орындарына барып жүрді. Енді ешқайда осында ем алуға мүмкіндік туғанына өркендіктер риза.

Салтанат Серікбайқызы
Бәйтерек ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале