18.08.2024, 12:00
Оқылды: 13

Бәйтерек ауданы: шекарашылардың мерекеде мерейі үстеді

Егемен ел тыныштығының кепілі – шекара шебін қорғап, күні-түні көз ілмейтін жүректі ерлер – шекарашылар. 18 тамыз кәсіби мерекеге орай Дариян ауылында «Шекараны барлық халық күзетеді» науқаны аясында келелі басқосу ұйымдастырылды.

2

Отырысқа төрағалық еткен аудан әкімі аппаратының басшысы Болатбек Ахметжанов қатысушыларды мерейлі мерекемен құттықтап, адал қызмет абырой-беделдеріңізді биіктетсін деген тілегін жеткізді.
- Сіздерді кәсіби мерекелеріңіз шекарашылар күнімен құттықтаймын! Еліміздің ұлттық қауіпсіздігін қамтамасыз етіп, ұлан-ғайыр мемлекеттік шекарамызды қорғаудағы еңбектеріңіз орасан. Сіздердің қиын да абыройлы, жауапкершілігі мол істеріңізге табыс, мықты денсаулық, қажымас қайрат тілейміз. Жауапты қызметтеріңізде қашанда табысқа жете беріңіздер! Еліміз аман, шекарамыз тыныш болсын! Мерекелеріңіз құтты болсын, шекара шебінің сарбаздары, - деді Болатбек Аманжолұлы.
Басқосу барысында алғырлығы, қырағылығымен көзге түскен бір топ шекарашылар марапатталды. Олардың қатарында Раздольное (Сәбит Зұлхарниев, Михаил Голохвастов, Қобланды Ағызбаев, Сергей Подопригора) және Чиров (Әсет Қуан, Дана Қуан) ауылдарының ерікті жасағы бар. Сонымен қатар қатардағы жауынгерлер Ербол Ортаев (әкесі Бауыржан Тауов, анасы Күнсұлу Тауова), Жарылқаған Мұхамбетқажы (әкесі Аққанат Дұйсешев, анасы Жамиға Абдрахманова) аудан әкімінің алғыс хатымен марапатталды. Сондай-ақ мереке күні мадақталып, мерейі үстеген әскери қызметшілер қатардағы жауынгерлер Сұлтанбек Базанов, Иван Кутищев, Нұрберген Қыдырбаев, ⁠сержант шеніндегі Жангелді Бөкенов, Нұржан Кенжеғалиев, Қадырбек Қарашбаев және ⁠кіші сержант Талғат Исаев пен ⁠ефрейтор Карим Галимов болды.

Гүлім Орда,
Дариян ауылы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале