21.10.2020, 9:23
Оқылды: 56

Бәйтерек ауданында 103 жас жұмыспен қамтылған

 «Adal komek» жобасы аясындағы кезекті тікелей эфирге Бәйтерек аудандық жастармен жұмыс жөніндегі ресурстық орталығының басшысы Алма Төлепқалиева шықты.

9CB14B83-A3C5-4BA5-AD17-10C94DE888FA

Орталықтың жыл басынан бері атқарған жұмысы жайында аудан тұрғындарына есеп берген Алма Шапбазкерейқызының айтуынша, ресурстық орталық биылғы жылға арналған барлық жұмысын жыл басында жасақталған медиа жоспарға сәйкес атқарып шығыпты.

-Жыл басынан бері ресурстық орталық 85 іс-шара жүзеге асырып, 4400 жас қамтылды. Қазір шаралар санитарлық талаптарды сақтай отырып, ұйымдастырылуда. Экологиялық және қайырымдылық акциялары, бос жұмыс орындары жәрмеңкесі, спорттық сайыстар, рухани басқосулар және онлайн діни дәрістер ұйымдастырдық. Барлық іс-шаралар БАҚ беттері мен әлеуметтік желілерге тұрақты жариялануда,- дейді жастармен жұмыс жөніндегі ресурстық орталықтың басшысы Алма Төлепқалиева.

Сонымен қатар ол ресурстық орталық жастар арасындағы жұмыссыздық мәселесін шешуге де үлкен мән беретінін атап өтті. Биыл аталмыш орталықтан жұмысқа орналасу жайында кеңес алуға 98 жас келген. Осы кезге дейін орталық 103 адамның тұрақты жұмысқа орналасуына ықпал еткен. Сондай-ақ ресурстық орталық ықпалымен 111 жас «Жастар тәжірбиесі» арқылы уақытша жұмысқа орналасқан.

-Жыл басынан бері «Жастар тәжірибесі», «Birgemiz: BILIM», «Дипломмен ауылға», «Жас кәсіпкер» жобалары аясында кәсіпкерлікпен айналысу және кәсіптік білім алу жөнінде ауқымды кеңестер жүргіздік. Соның арқасында биыл нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамыту бағдарламасы бойынша несие алған адамдардың 30 пайызын жастар құрады. Олар бүгінде өз кәсіптерін ашып, ісін бастап кетті,-деді А.Төлепқалиева.

Бұдан бөлек Алма Шапбазкерейқызы жастардың діни сауаттылығын арттыру, кәсіп ашу, мемлекеттік бағдарламалар жайында да көп мағлұмат беріп өтті.

 Аружан Болатбекқызы,

Бәйтерек ауданы

   zhaikpress.kz

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале