Шілденің алғашқы жексенбісі Ұлттық домбыра күніне орай Бәйтерек ауданы орталығы Переметный ауылдық округінде «Домбыра – дастан» атты салтанатты шара өтті.
Салтанатты шараға аудан әкімі Асхат Шахаров қатысып, аудан тұрғындарын Ұлттық домбыра күні мерекесімен құттықтап, шараның маңыздылығына тоқталды.
-ҚР Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың Жарлығымен шілденің бірінші жексенбісі Ұлттық домбыра күні болып белгіленді.
Домбыра – қазақ халқының өте ертеден бері келе жатқан ұлттық аспабы. Халқымыздың өмірінде маңызды орын алатын домбыра әндерді сүйемелдеуде, халықтық-фольклорлық музыкада, классикалық шығармада да қолданылып, ұрпақтар сабақтастығының жалғасы болып келеді.
Ұлттық мәдениетіміз бен дәстүрімізді жаңғыртып, өскелең ұрпаққа мәні зор тәлім-тәрбие беретін шара жалғасын табатын болады! - деді аудан әкім Асхат Берлешұлы.
Салтанатты шарада 150 домбырашы күй тартып, аудан тұрғындарының ыстық ықыласына бөленді.
Шыңғыс Ромашев
Бәйтерек ауданы
суреттерді түсірген
Сәлім Мәмбеталиев
zhaikpress.kz
Батыс Қазақстанның маңызды жаңалықтарын біздің Instagram-дағы парақшамыздан және Telegramарнамыздан алғашқы болып біліңіздер