12.04.2026, 10:00
Оқылды: 9

Бәйтерек ауданында «Ашық әкімдік» алаңы ұйымдастырылды

Аудан әкімдігінде өткен кезекті қабылдауға аудан әкімі Марат Тоқжанов, мәслихат төрағасы Нұрлыбек Хайруллин, құқық қорғау құрылымдары мен дербес бөлім басшыларықатысып, тұрғындарды жеке мәселелерімен қабылдап, сауалдарына жауап берді. Кездесуге келген азаматтардың басым бөлігі тұрғын үй кезегі, жер телімдерін заңдастыру, инфрақұрылым және құқықтық тәртіп мәселелерін көтерді.

image-11-04-26-06-51

Переметный ауылының тұрғыны Андрей Ищенко кәсіпкерлік мақсатта берілген жер телімдерінің игерілу барысына қатысты мәселе көтерді. Өзінің жер телімінде бойынша пайдаланып отырғанын айтып, заңға сай қайтарып алу шарасын қолданбауын сұрады. Оның айтуынша, кейбір кәсіпкерлер жерді үш жылға алғанымен, инвестициялық міндеттемелерді орындамайды. Жоспар бойынша қаржының 70 пайызы бірінші жылы игерілуі тиіс болса да, іс жүзінде нысандар жартылай аяқсыз қалады немесе уақытша контейнерлер қоюмен шектелетіне де шағым білдірді. Аудан әкімі Марат Тоқжанов бұл мәселенің бақылауда екенін айтты.

Жер телімдерін беру кезінде инвестициялық міндеттемелердің кезең-кезеңімен орындалуы – басты талап. Егер кәсіпкер шартты бұзса немесе жерді мақсатсыз пайдаланса, заң аясында ескерту беруден бастап, жерді мемлекет меншігіне қайтаруға дейінгі шаралар қолданылады. Қазіргі уақытта игерілмеген жерлерге талдау жүргізіліп жатыр, -деді аудан басшысы.

image-11-04-26-06-51-3

Переметный ауылының тұрғыны Ерназар Амангелдіұлы ауыл ішіндегі, әсіресе ұзындығы 300 метрдей болатын шағын көшелерге асфальт төсеу мәселесін қозғады. Сондай-ақ, тұрғындар тарапынан жолдың нақты жағдайын көрсету үшін фотоға түсіріп, ұсыныс беру мәселесі де қозғалды. Азамат жол салу жұмыстарының нақты қашан және қалай жүзеге асатынына қатысты сұрады.Қазіргі уақытта бірінші кезекте халық тығыз орналасқан, негізгі және ірі көшелерге асфальт төселіп жатыр,-деді Марат Лұқпанұлы.- Шағын көшелерге келетін болсақ, оларды толық қамтуға әзірге бюджет қаржысы жеткіліксіз. Мұндай көшелер бойынша жұмыстар кезең-кезеңімен, қаржы мүмкіндігіне қарай жүргізіледі. Жол жөндеу жобалары алдын ала есептеліп, әрбірінің құны анықталады. Мысалы, қысқа көшенің өзіне бірнеше миллион теңге қажет болуы мүмкін. Сондықтан барлық ұсыныс жинақталып, сараланып, басымдыққа ие учаскелерге бірінші кезекте қаржы бөлінеді.Сонымен қатар, тұрғындардан нақты ұсыныстар (фото, мекенжай, ұзындығы) берілген жағдайда, олар қарастырылып, алдағы жоспарларға енгізілуі мүмкін. Жалпы, жол және басқа да өзекті мәселелер кезең-кезеңімен шешіліп келеді.

Белес ауылының тұрғыны, күміс алқа иегері, көп балалы ана Айгүл Қажығалиева баспана алу тәртібі туралы сұрады. Мүгедектік санаты бойынша кезекке тұру және үйді жекешелендіру мәселесіне қатысты аудандық ТҮКШ және АЖ бөлімінің басшысы Аслан Даубаев жауап берді. Оның айтуынша, қазір аудан бойынша кезекте 1500-ге жуық адам тұр. Мүгедектік санатымен берілген үйлер тегін жекешелендіріледі. Сонымен қатар, Әлияға көп балалы ана ретінде «Бақытты отбасы» бағдарламасы арқылы үй алу мүмкіндіктері түсіндірілді.

«Бәйтерек» спорт клубының басшысы Дастан Есекенов ауылда шағын спорт кешенін (мини ФОК) салу, спорттық жабдықтарды жаңарту және жас спортшылардың жарыстарға баруына қаржылай қолдау көрсету мәселесін көтерді. Мәслихат төрағасы Нұрлыбек Хайруллин бұл бастаманың маңыздылығын атап өтіп, бұл бағытта демеушілер тарту және жергілікті спортшыларға оңтайлы жағдай туғызу бойынша жұмыстар жүргізілетінін айтты.

image-11-04-26-06-51-4

Ал Пермететный ауылдық округына қарасты Калинин ауылының тұрғыны Екатерина Байжановажол қауіпсіздігі мен тазалық мәселесіне алаңдаушылық білдірді. Такси жүргізушілерінің жылдамдықты асыруы, телефон қолдануы және ауылдағы бейнебақылау камераларының істен шығуы – тұрғындардың негізгі мәселесінің бірі екенін айтты. Сондай-ақ, ауласын тазаламайтын тұрғындар мен қоқыс шығарудағы іркілістер де сөз болды.

Аудандық полиция бөлімінің басшысы, полиция майоры Қайрат Маратов жол ережесін бұзғандарды видеоға түсіріп, жауапты органдарға жолдауды ұсынды. «Әр жолаушы өз қауіпсіздігін талап етуге құқылы. Ал тазалық талаптарын орындамағандарға қатысты қатаң айыппұл шаралары қолданылады. Әкімдікке экологиялық талаптар бойынша айыппұл салу құзіреті берілген», — деп ескертті полиция бөлімінің бастығы.

Гүлжаз Баделова

Бәйтерек ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале