20.03.2024, 9:15
Оқылды: 8

Бәйтерек ауданында ауызашар берілді

Рамазан айының құрметіне орай Бәйтерек ауданы Переметный ауылындағы Жұбан молда мешітінде аудандық мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөліміне қарасты мекемелер ауызашар дастарханын жайды.

IMG-20240319-WA0242

 Мешітке жиналған жамағатты аталмыш бөлім басшысы Нұржан Дүзбатыр мүбарак айдың келуімен құттықтап, парыз болған оразаны қиындықсыз өтеуді, қылған дұға-тілектердің қабыл болуын тіледі.

IMG-20240319-WA0244

- Биыл мешіт жамағатының қуанышына орай аудандық мешітте тарауих намазын Құранды толық жатқа білуші қари өткізуде. Тарауих намазында күн санап қатары толыққан жамағатқа түрлі тақырыпта уағыз айтылып, пікір алмасылып жатқанына ризамыз. Ұлыс мерекесімен қатар келген Рамазан айында құлшылықпен қатар тұтас елімізде қабылданған он күндік «Наурызнама» іс-шараларына, әр түрлі айдар тағылған әр күннің мән-мағынасын терең ұғынып, белсенді атсалысуға шақырамын, - деді Нұржан Дүзбатыр.

Ауызашарға қатысқандар дастархан жайған жерлестеріне ризашылықтарын білдіріп, ақ тілектерін арнады.

Қуаныш Қали,

Бәйтерек ауданы

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале