15.09.2024, 20:17
Оқылды: 165

Бәйтерек ауданында кітапханашылар байқауы өтті

Бәйтерек аудандық орталықтандырылған кітапханалар жүйесінің ұйымдастыруымен «Шың» сазды-драма театрында «Мен – кітапханашымын» атты аудандық байқау ұйымдастырылды. Мақсаты – кітапханашылардың шығармашылық қабілетін шыңдап, кітапхана жүйесінің жаңа формалары мен әдістеріне шолу жасау.

мен кітапханашымын (1)

Оған еңбек өтілі 7 жылға дейінгі кітапханашы мамандар қатысты. Атап айтсақ, олар – Болашақ ауылының кітапханашысы Айнагүл Карабалина, Янайкиннен Зүлфия Төребаева, Горбуновтан Күмісай Лұқпанова және Рубежиннен Аягүл Омарова. Сайысқа аудандық ОКЖ басшысы Жеңісгүл Жаңабаева, орталық балалар кітапханасының меңгерушісі Зәуреш Ғабдулиева, жинақтау бөлімінің кітапханашысы Ақзира Бекмағамбетова әділ бағасын берді. Өз кезегінде сөз алған ОКЖ басшысы Жеңісгүл Қалиқызы кітапханашылардың біліктілігін арттыратын шараның жоғары деңгейде өткеніне тоқталып, барлық қатысушыларға алғысын білдірді.

мен кітапханашымын (3)

Сайысқа қатысушылар 3 кезең бойынша бақ сынады. Олар «Үздік кітаптардан құнды идея», «Зерделінің ойы озық», «KITAP SHOW – 2024». Жарыс қорытындысы бойынша ІІІ орынды Күмісай Лұқпанова иеленсе, ІІ орынды Айнагүл Карабалина жеңіп алды. Ал жүлделі І орын Зүлфия Төребаеваға бұйырды. Бас жүлдені Аягүл Омарова иеленді.

Барлық жүлдегерлерге диплом мен бағалы сыйлықтар табысталды.

Салтанат Зұлқарнаева

Бәйтерек ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале