13.01.2021, 17:02
Оқылды: 81

Бәйтерек ауданында мал қыстағы ойдағыдай өтуде

Өткен жылдың 1 қарашасында басталған мал қыстағы 2021 жылдың 1 мамырына дейін созылады деп күтілуде. Аудандық ауыл шаруашылығы бөлімі мен шаруалар малдың қыстан шығынсыз шығудың қамы қарастыруда.

 735b9f95-2d75-4d18-a3af-2ddf17e52a24

Аудандық ауыл шаруашылығы бөлімінің мәліметіне сүйенсек, биыл 101 қыстық ұйымдастырылған. Оларға жем-шөп тасуға арналған 110 бірлік техника бөлініпті. Ауа райының қолайсыздығы мен күрделі жағдайлардың алдын алатын  қосымша техника да жеткілікті.

- Биылғы мал қыстағы науқанына әзірлік тыңғылықты жүргізілді. Арнайы 112000 тонна шөп, 27700 тонна жем дайындалып, мал қыстайтын орындарға толық жеткізілді. Бұл азық көлемі мал қыстығын жақсы өткізуге мүмкіндік береді, - дейді ауыл шаруашылығы бөлімінің бас маманы Ғалиасқар Мендалиев.

Бүгінде қыстақтағы мал жағдайы жақсы екен. Мал арасында өлім-жітім байқалмағанын да мамандар атап өтті. Сондай-ақ қыстақтарға барар жолдар қалың қардан толығымен тазартылған.

 

Аружан Аманжол,

Бәйтерек ауданы

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале