15.03.2026, 16:42
Оқылды: 30

Бәйтерек ауданында мектептегі 72 адам бір мезетте дауыс берді

image-15-03-26-04-34

Бәйтерек ауданының орталығындағы іргелі білім ұясы – Переметный жалпы білім беретін орта мектебінің ұжымы бүгінгі референдумда жоғары азаматтық белсенділік танытты. Мектептің педагогтар құрамы мен қызметкерлері №155 сайлау учаскесіне бір мезетте, ұйымшылдықпен келіп, ел болашағы үшін өз таңдауларын жасады.

Бүгінде 392 оқушыға сапалы білім мен саналы тәрбие беріп отырған ұжымның әрбір мүшесі саяси науқанның маңызын терең ұғынады. Мектепте еңбек ететін 56 ұстаз бен 16 кіші қызметкер, яғни жалпы саны 72 адамнан тұратын ұжымның толық құрамда келуі – өңірдегі бірлік пен жауапкершіліктің жарқын үлгісіне айналды.

Мектеп директоры Алма  Мұсақұлова ұжымның бұл қадамы азаматтық ұстанымның нақты дәлелі екенін айтады.

–Мектеп – мемлекеттің ертеңгі тірегі болар тұлғаларды тәрбиелейтін қасиетті мекен. Сондықтан біз, ұстаздар қауымы, шәкірттерімізге тек кітаптағы білімді емес, отансүйгіштіктің нақты үлгісін де көрсетуіміз керек. Референдумға қатысу – әрбір азаматтың ел тағдырына қосатын үлесі, болашаққа деген сенімі. Бүгін біздің ұжым бір кісідей атсалысып, жаңа конституциялық өзгерістерді қолдау арқылы мемлекеттің даму бағытына өз үлестерін қосты. Бұл – біздің азаматтық парызымыз және ұрпақ алдындағы жауапкершілігіміз, — деп атап Алма Сабырғалиқызы.

Салтанат Серікбайқызы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале