10.02.2021, 19:21
Оқылды: 47

Бәйтерек ауданында мемлекеттік бағдарламалар қарқынды жүзеге асуда

ХХІ ғасыр – ақпараттық технологиялардың ғасыры. Сондықтан бүгінгінің басты мәселелерінің бірі цифрландыру болып отыр. Ауданда бұл жұмыстар да қарқынды жүргізілуде. Аудан әкімінің сөзіне сенсек, күні бүгін ауданының 68 елді мекені толықтай байланыс желісімен қамтамасыз етілген. 2020 жылы Раздолный, Чеботарев, Сұлукөл, Чиров, Кирсанов ауылдарына мобильді интернет қосылған. Сондай-ақ тоғыз елді мекенге кең жолақты интернет тартылған.

- Былтыр Белес, Достық, Новенкий, Железнов, Зеленый, Калинин, Новенкое, Янайкин, Январцев ауылдарында орналасқан әлеуметтік маңызды мекемелерге кең жолақты интернет жетті. Бұл жұмыстар биыл да жалғасын табады. «Цифрлы Қазақстан» жобасы аясында мемлекеттік - жеке серіктестік арқылы ауданда 7 елді мекенде барлығы 243 бейне бақылау камералары қойылған болатын. Бұл жүйе қоғамдық тәртіпті сақтауда, қылмыстың жолын кесу және ізін ашуда тиімділігін көрсетуде. Биыл Янайкин, Трекин, Достық ауылдарына бейне бақылау камераларын қою жоспарда бар, - деді М.Тоқжанов.

Мемлекеттік бағдарламалар қарқынды жүзеге асуда

Өз баяндамасында аудан әкімі мемлекеттік бағдарламалардың да жақсы жолға қойылғанын атап өтті. Былтыр ауданға мемлекеттік бағдарламалар арқылы 6 млрд 832 млн. теңге қаражат бөлінген. Атап айтсақ: «Жұмыспен қамтудың жол картасы» бағдарламасы арқылы Зеленое мектебі реконструкциялаудан өткен болса, Дариян, Мичурин, Асан ауылдарындағы жолдар жөнделген. Сондай-ақ Көшім, Щапов, Достық ауылдарында кәріз жүйелері, Новенький ауылының су құбыры күрделі жөндеуден өткен.

Гагагрина 3

«Ауыл – ел бесігі» бағдарламасы арқылы бөлінген 1 млрд 735 млн теңге Переметное а/о Калинино ауылындағы су құбыры мен Камен, Батурин мектептері және аудан орталығы Переметный ауылындағы жолдарды күрделі жөндеуге жұмсалған. Ал «Нұрлы жол» бағдарламасы арқылы бөлінген 1 млрд 86 миллион теңге  Белес ауылына кірер 9 шақырым, Достық ауылына кіреберістегі 8 шақырым, «Переметный – Вечный» тас жолының Железнов ауылына дейінгі 12 шақырымын жөндеуге жұмсалған. Бұл жұмыс биыл да жалғасып, жол Шалғай ауылына дейінгі жетпек. Сонымен қатар  аталған бағдарлама арқылы «Переметное-Цыганов» тас жолының Зеленое ауылына дейінгі 13 километрінің құрылысы аяқталған.

- «Нұрлы жер» бағдарламасы шеңберінде – 1 млрд 323 млн теңге бөлініп, 3 жобаны іске асырдық. Олар: Мичурин а/о Октябрьский, Асан ауылдары мен Үлкен Шаған ауылының су құбырларының құрылысы. Ауданда жүзеге асырылған мемлекеттік бағдарламалардың арқасында 839 адам жұмысқа орналастырылды, - деді өз сөзінде аудан әкімі М.Тоқжанов.

Түгелбай Бисен,
zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале