14.05.2021, 17:31
Оқылды: 54

Бәйтерек ауданында Ораза айт мерекесіне орай спорттық сайыстар өтті

Бәйтерек ауданы орталығындағы Жұбан молда атындағы мешітте Ораза айт мерекесіне орай спорттық сайыстар өтті.

 IMG-20210514-WA0090

Айт намазынан соң жамағат арқан тарту, қол күресі, гір тасын көтеру сияқты ұлттық спорт түрлерінен бақ сынасты. Қызықты шара жамағатты біріктіріп, елдегі ынтымақтастықтың көрінісіндей болды. Жеңгендер де, жеңілгендер де бір-бірін мерекемен құттықтап, жақсы тілектерін арнады.

IMG-20210514-WA0087

Сонымен қатар бас имам Бейбіт Дүйсенәлі мешіттен дәріс алып жүрген шәкірттер арасында білім сайысын өткізді. Үздік оқушылар мен спорттық сайыс жеңімпаздары мешіт имамдары мен «Шапағат шамшырағы» қоғамдық бірлестігі ұсынған бағалы сыйлықтарға ие болды.

 

Түгелбай Бисен,

Бәйтерек ауданы

zhaikpress

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале