30.09.2020, 15:51
Оқылды: 111

Бәйтерек ауданында өрт шығып, тұрғындар зор шығынға батты

Бүгін жергілікті уақытпен 00.41-де Бәйтерек ауданы Достық кентінде үлкен аумақты жайлаған өрт оқиғасы тіркеліп, салдарынан бірнеше отбасы шығынға батты.

WhatsApp Image 2020-09-30 at 13.45.37

Нефтяников көшесі 1-үйде 9 тонна шөп; Тәуелсіздік көшесі 21/А үйдің 120 шаршы метр алаңын алып жатқан шаруашылық құрылысы, 1 тонна ірі жем (бидай) және 15 тонна шөп; Пионерская көшесі 26-үй, 1-пәтердің 60 шаршы метр шаруашылық құрылысының шатыры (құжаттары жоқ), 12,5 тонна шөп; Молдағұлова көшесі 6-үйде 100 шаршы метр алаңда шаруашылық құрылысы (құжаттары жоқ), 9,6 тонна шөп және бір бас ірі қара; Строителей көшесі 2-үйдің 80 шаршы метр шаруашылық құрылысы (құжаттары жоқ), 20 тонна сабан, 7 шошқа, 12 күркетауық, 15 тауық жанып кетті.

WhatsApp Image 2020-09-30 at 13.45.42

Зардап шеккендер жоқ. Өрт себебі – қасақана өрт қою.

WhatsApp Image 2020-09-30 at 13.45.43

Өрт таңғы 06.41-де оқшауланып, 08.38-де толық жойылды.

WhatsApp Image 2020-09-30 at 13.45.44

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале