6.10.2024, 20:32
Оқылды: 185

Бәйтерек ауданында референдум жоғары дайындықпен өтті

Экономикалық, экологиялық, әлеуметтік әрі саяси маңызы бар шешімді қабылдау жолында бәйтеректіктердің белсенділігін айырықша атап өткен жөн.

IMG-20241006-WA0132

Бұл туралы Бәйтерек аудандық мәслихаты аппаратының басшысы Тілекбай Төлепқалиев мәлімдеді.

- Бүгін еліміз тарихи сәтті бастап өткеріп, референдумда АЭС құрылысына қатысты азаматтық позициясын айқындады. Отбасымен бірге барып, ұжыммен қолдау білдіріп, ардагерлеріміз, әжелер ансамбльдері сән-салтанаты жарасып сайлау учаскелеріне келіп, жастарымыз ауызбіршілік танытып саяси науқанды тамаша тарихи күнге айналдырды. «Елім деген, ұлтым, Отаным» деген әрбір қазақстандық өз таңдауын жасады деп ойлаймын.

Аудандық аумақтық референдум комиссиясы осынау саяси іс-шара үлкен дайындықпен келгенін атап өткен жөн. Учаскелік референдум комиссияларының да сауаттылығын, жауапкершілігін айтып өткім келеді. Соның нәтижесінде дауыс берушілер мен байқаушылар тарапынан арыз-шағымдар тіркелмеді. Референдумға байланысты ауданда ешқандай заң бұзушылық деректері орын алған жоқ. Тасымал жайы сәтті ұйымдастырылып, үйден дауыс беретін тұрғындардың да жағдайы қарастырылды. Сондай-ақ мүмкіндігі шектеулі азаматтар үшін арнайы кабина мен бұрыш жасақталғаны да референдум барысында іркіліс туындамай, мүмкіндігі шектеулі жерлестеріміздің кезек күтпей дауыс беруіне оң әсерін тигізді.

IMG-20241006-WA0133

Қалыптасқан дәстүрге сай, ауданымызда референдум жоспарға сай ауызбіршілікте өтті. Шыны керек, осындай маңызды сәтте жергілікті көркемөнерпаздың шығармашылық қолдауы, яғни концерттік бағдарламасы да көтеріңкі көңіл күй ғана емес, патриоттық рух сыйлағаны анық,-дейді Тілекбай Қажымұратұлы.

Гүлжаз Баделова,

Бәйтерек ауданы 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале