4.03.2025, 15:30
Оқылды: 45

Бәйтерек ауданында сала ардагерлеріне құрмет көрсетті

Бәйтерек ауданы полиция бөлімінің жеке құрамы ауданның ішкі істер саласы ардагерлерімен мазмұнды кездесу өткізді. Іс-шара барысында аудандық полиция ардагерлері кеңесінің  төрағасы Нұрболат Қожекенов жеке құрамға ақыл-кеңесін айтып, өмірлік тәжірибесімен бөлісті.

IMG-20250228-WA0001

- Бүгін сіздермен жүздесудің сәті түскеніне өте қуаныштымын. Полиция қызметі үлкен жауапкершілікті талап ететін абыройлы міндет. Сіздер – халықтың сеніміне ие, заң мен тәртіпті қамтамасыз ететін ел қорғанысыңдар. Қай уақытта да халықпен етене жұмыс жасап, олардың мұң-мұқтажын тыңдау – біздің  міндетіміз. Қандай жағдай болмасын, антқа адал, елге қызмет етуге лайықты болу – әрбір полиция қызметкерінің борышы. Арамызда ұрпақ сабақтастығы үзілмесін, бізден кейінгі буынның да мақсаты айқын, бағыты дұрыс болуғы тілектеспіз. Баршаңызға мықты денсаулық, қызметтеріңізге табыс, отбасыларыңызға амандық тілеймін. Қазақстан полициясының беделі әрқашан жоғары болсын! - деді Нұрболат Сәлімгерейұлы.

IMG-20250228-WA0002

Кездесуде аудандық полиция бөлімінің бастығы, полиция подполковнигі Төребек Маратов аға буын өкілдеріне құқық қорғау саласына сіңірген еңбектері үшін алғыс білдіріп, Нұрболат Сәлімгерейұлының иығына шапан жапты. Сондай-ақ, Раиса Абдрахманованы мерейлі 70 жасқа толуымен құттықтап, сый-сияпат ұсынды. Өз кезегінде аудандық полиция бөлімі бастығының орынбасары, полиция подполковнигі Серік Даутов  кейінгі толқын үшін ардагерлердің еңбек тәжірибесі жарқын үлгі екенін айтып, ортадағы жылы сыйластық, әріптестік байланыс үзілмесін деген тілегін жеткізді.

IMG-20250228-WA0003

Іс-шара аясында сала ардагері Нұрболат Қожекенов аудандық ПБ-нің жеке құрамының өкілдері Нұрлан Айберстиев пен Ринат Өтебаевқа жұмыстағы адалдығы, алғырлығына «Мінсіз қызметі үшін» арнайы медалін табыстады.

Кездесу соңында полиция қызметкерлері сапқа тұрып шараның аға буынның адал қызметін ұлықтау мен олардың жетістігін ұрпақ жадында мәңгі есте сақтау мақсатында ұйымдастырылғаны айтты. Мәнді кездесу естелік суретке түсумен түйінделді.

Гүлім Орда, 

Бәйтерек ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале