7.11.2021, 14:38
Оқылды: 83

Байтерек ауданында шағын футболдан қайырымдылық турнир өтті

Қазақстан Республикасы тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай Бәйтерек ауданы орталығында мекемелер арасындағы шағын футболдан аудандық қайырымдылық турнир оздырылды. 

IMG-20211106-WA0022

Бұқаралық спортты дамытып, ауыл жастарын салауатты өмір салтын ұстануға шақыру және футбол ойынына деген қызығушылықты арттыру мақсатында ұйымдастырылған жарысқа ішкі істер бөлімі, "Бәйтерек" спорт клубы мен мәдениет, мешіт жамағатының «Баракат» және «Шапағат» командалары қатысты.

IMG-20211106-WA0019

Жарыс басында Переметный ауылдық округі әкімінің орынбасары Мирасбек Төрешов қатысушылардың көрсеткен шеберлігін жоғары бағалап, ұйымдастырушыларға ризашылығын білдірсе, "Бәйтерек" спорт клубының басшысы Максим Үмбетқалиев жарысқа жиналғандарға ақ жарма тілегін жеткізді.

IMG-20211106-WA0041

Кейін Жұбан молда мешітінің наиб имамы Мақсат Рысқалиев жарыс ұйымдастыруға үлес қосып, аудан мешітіне жемісті қызмет атқаруға, асыл дініміздің көркеюіне үлес қосқаны үшін Асхат Қуанышұлы мен Манарбек Қалимоллаұлына алғыс хаттар табыс етті.

IMG-20211106-WA0037
Жарыс қорытындысында Бәйтерек спорт клубының командасы үшінші орынға жайғасса, ішкі істер бөлімі екінші, «Баракат» командасы жеңімпаз атанды.

IMG-20211106-WA0025

Ойында көрсеткен белсенділігі үшін Асет Исенгалиев «Үздік ойыншы», Виталий Бырко «Үздік қорғаушы», Қайрат Мергенов «Үздік қақпашы», Рафхат Карменов «Ардагер ойыншы», Есбол Тұрсынғали «Ең жас футболшы» аталымдарына ие болды.

IMG-20211106-WA0024

Жарыс жеңімпаздарына мадақтамалар мен естелік сыйлықтар табысталды.

Назерке Сыйлыбаева,

Байтерек ауданы,

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале