30.12.2021, 22:38
Оқылды: 93

Бәйтерек ауданында «Төрлет, Жаңа жыл!» атты мерекелік концерт өтті

Бәйтерек аудандық мәдениет үйінде «Төрлет, Жаңа жыл!» атты мерекелік концерт өтті.

E04F80D5-BCA4-4C22-A4DE-DBEF6A07D499

Жыл бойы іске асырылған жұмыстарды қорытындылап, өз саласында аянбай еңбек еткен жандарға құрмет көрсету мақсатында ұйымдастырылған кешке аудандағы жұмыстардан сырт қалмайтын жандар тегіс жиналды.

Кеште құттықтау сөз сөйлеген Бәйтерек ауданының әкімі Марат Тоқжанов, жиналғандарды келе жатқан Жаңа жыл мерекесімен құттықтап, өтіп бара жатқан жылда атқарылған жұмыстарға көз жүгіртіп, аудан дамуына зор үлесін қосып жүрген жандарға алғысын білдірді.

079ED3DF-E903-4A35-8E73-3E2B2C9D2A77

- Құрметті де қадірлі жерлестер, баршаңызды Жаңа жыл мерекесімен құттықтаймын! Уақыт кернеуіне бөгет жоқ дегендей, тағы бір жыл тарих қойнауына енуде. 2021 жыл ауданымыз үшін жеңісті әрі жемісті жыл болды. Ауданымызда атқарылып жатқан істерде сүбелі еңбек етіп жүрген әр жанға ризашылығымды білдіремін. Жаңа жыл жаңа табыс, елге береке алып келсін, - деді аудан басшысы Марат Лұқпанұлы.

Кейін аудандық «Ауыл тынысы» газетінің жауапты хатшысы Николай Берендяевқа БҚО әкімі мен БҚО мәслихатының  «Құрмет» грамотасы мен ҚР Президентінің Жарлығы бойынша шыққан «Қазақстан Тәуелсіздігіне 30 жыл» мерекелік медалі табысталды.

1DF9F02B-65A0-4EC8-A9E3-A70EC7B4FA55

Артынша, «Қызмет» мемлекеттік банк мекемелері және қоғамдық қызмет көрсету қызметкерлерінің салалық кәсіподағының төрағасы Мирболат Жақыповтың «Құрмет» грамотасымен аудандық ішкі саясат бөлімінің басшысы Нұржан Дүзбатыр және бір топ белсенді  азаматтар мен азаматшалар аталмыш ұйым алғысхатымен марапатталды.

D4EA7293-9254-4897-BE2B-3689D3FB18EB

Сондай-ақ БҚО жастар саясаты мәселелері басқарма басшысы Дулат Имашевтің атынан келген алғысхаттар  аудандық жастармен жұмыс жөніндегі ресурстық орталығының басшысы Жанар Губашеваға және аудандық мәслихат депутаты Ұлданай Сейткалиеваға табысталды.

Мерекелік кеш соңы аудан өнерпаздары ұсынған концертпен жалғасты.

Назерке Сыйлыбаева, 
Бәйтерек ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале