АЭС салуды қолдау жөніндегі Бәйтерек ауданында халықтық штабтың алғашқы отырысы өтті.
Жиынға саяси партиялардың өңірдегі төрағалары мен маслихат депутаттары, сондай-ақ қоғамдық бірлестіктер және үкіметтік емес ұйым басшылары, қоғам белсенділері қатысты.
Жиынның мақсаты – штаб жұмысын үйлестіріп, алдағы жоспарды пысықтап, бірлесе іс атқаруға сақадай сай болу.
– АЭС құрылысы – бұл Қазақстанның алдағы ұзақ жылдардағы табысты дамуының кепілі болатын серпінді жоба. Еліміздегі және әлемдегі барлық озық ойлы тұлғалар атом энергетикасын пайдаланудың тиімділігін жақсы түсінеді. Бұл ең алдымен қауіпсіз, сенімді экологиялық таза қуат көзі. Біздің алдымызда үлкен таңдау тұр. Сондықтан халықтық штабтың міндеті – ел арасында кең ауқымды түсіндіру жұмыстарын жүргізіп, қоғамды АЭС құрылысын қолдауға жұмылдыру, - деді отырысты ашқан аудандық «AMANAT» партиясы филиалы мен штаб төрағасы Бибигүл Ахметжанова.
Сондай-ақ ол жиын барысында референдум алдында жасалатын бірқатар жұмысқа тоқталды.
Ендігі кезекте штаб мүшелері өңірлердегі сайлаушылармен жұмысын бастайды.
Гүлім Орда
Бәйтерек ауданы