Бәйтерек ауданының 80 жылдық мерейтойына орай аудандық орталықтандырылған кітапхана жүйесі Дариян ауылдық және оған қарасты Озерный ауылдық кітапханасы «Ауданым – мақтанышым» атты шара ұйымдастырды.
Мектеп ұстаздары мен 10-сынып оқушылары, мәдениет үйі қызметкерлерінің қатысуларымен бас қосқан жиынды кітапхана меңгерушісі Динара Ғизатова мен Озерный ауылдық кітапханасының кітапханашысы Мария Еременко шараның мәніне тоқталды.
Дариян ауылдық мәдениет үйінің өнерпазы Болат Нұрғалиев «Қазақстан» әнін шырқап, шараға қатысушылардың көңілін серпілтіп тастады.
Кітапханашылар Бәйтерек ауданының тарихы жөнінде баяндама жасап, көп ұлтты ауданның, бүгінде бір атаның баласындай тату-тәтті, бір шаңырақ астында өмір сүріп жатқандығын айтты.
Сондай-ақ Дариян ауылының тарихы, ауылдың көркеюіне өзіндік үлестерін қосып жүрген талантты адамдар, ауыл шаруашылығы мен экономиканың дамуына бір кісідей атсалысып жүрген тұлғалар жайында да көп мағлұмат айтылды.
Дариян ауылы туралы «Туған жер – алтын бесік» тақырыбында дайындалған бейнекөрсетілім ұсынылды.
Сондай-ақ кітапханашы Любовь Ивашкова «Ауылым – алтын бесігім» атты кітап көрмесімен таныстырды.
Гүлжан Аязбаева
Бәйтерек ауданы
Дариян ауылы
zhaikpress.kz
Батыс Қазақстанның маңызды жаңалықтарын біздің Instagram-дағы парақшамыздан және Telegram арнамыздан алғашқы болып біліңіздер