13.03.2021, 12:47
Оқылды: 74

Бәйтерек ауданының орталық мешітінде жаңа бас имам тағайындалды

Бәйтерек ауданының әкімі Марат Тоқжанов БҚО өкіл имамының орынбасары Бақытжан Құралбайұлын қабылдады. Кездесу барысында ауданның діни ахуалы талқыланып, жаңа бастамалар мен болашақта жүргізілетін жоспарлар сараланды.

IMG-20210313-WA0011

Бақытжан Құралбайұлы басшылықтың ұйғарымымен аудандық Жұбан молда мешітінің Бас имамы қызметін атқарған Бағдат Шақаевтың басқа жұмысқа ауысуына байланысты бұл орынға осыған дейін ҚМДБ-ның БҚО бойынша өкілдігінің Жастар ісі секторының жетекшісі қызметін атқарған Бейімбет Дүйсенәлі тағайындалғанын жеткізді.

IMG-20210313-WA0010

Дүйсенәлі Бейімбет Жамбылұлы 1991 жылы дүниеге келген. 2010-2013 жж «Астана» медресесінде, 2016-2019 жж «Нұр-Мүбәрак» университетінде оқыған.

Әр жылдары:

2013-2016 жж Тәжеден Батырұлы атындағы Орал қалалық мешітінде наиб имам;
2019 ж. Ақтөбе облыстық «Нұрғасыр» мешітінде наиб имам;
2019-2021 жж ҚМДБ-ның БҚО бойынша өкілдігінің Жастар ісі секторының жетекшісі қызметтерін атқарған.

IMG-20210313-WA0009

Бейімбет Жамбылұлының жаңа қызметіне сәттілік тілеген аудан әкімі осы кезге дейін орталық мешітте Бас имам болған Бағдат Русланұлына алғыс білдірді.

Аружан Аманжол,
Бәйтерек ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале