14.10.2020, 13:01
Оқылды: 63

Бәйтерек кітапханалары оқырманын жоғалтпаған

Бұл туралы «Adal komek» жобасы аясындағы кезекті тікелей эфирге шаққан Бәйтерек ауданының орталықтандырылған кітапханалар жүйесінің директоры Жеңісгүл Жаңабаева мәлімдеді.

kitapxana (2)

– Орталықтандырылған кітапханалар жүйесінде 51 кітапхана бар. Биылғы жылы барлық кітапханалар оқырмандармен әлеуметтік желілер арқылы байланыса отырып, қашықтан қызмет көрсетуде. Онлайн жұмысқа қарамастан, оқырмандар саны сақталып отыр. Көрсеткіш бойынша биылғы жылы кітап оқылымы жақсарған, – деді Ж.Жаңабаева.

Жеңісгүл Қалиқызының айтуынша, кітапханалар жүйесінің қазіргі таңдағы оқырман саны 24345 адамды құрапты. Кітап қоры Ж.Молдағалиев атындағы ОҒӘК-нан 1543 данаға толыққан. Сондай-ақ жергілікті бюджеттен 700 мың тенге бөлініп, 273 дана әлем оқитын 100 үздік кітаптың қазақ тіліндегі аудармалары алынған. Негізінен Абайтану бағытындағы, мотивациялық және әр жастағы балаларға арналған кітаптар мен анимациялық 3д, 4д форматтағы оқулықтар кітапхана қорын толықтырған. Бұдан бөлек қазан-қараша айларында 700 мың тенгеге балаларға арналған әдебиеттер алу жоспарлануда екен.

«Adal komek» жобасы аясындағы тікелей эфирлер алдағы уақытта жалғасын таппақ.

Аружан Болатбекқызы,

Бәйтерек ауданы

zhaikpress.kz

Батыс Қазақстанның маңызды жаңалықтарын біздің Instagram-дағы парақшамыздан және Telegram арнамыздан алғашқы болып біліңіздер

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале